11 Қаңтар, 2017

Қостанайда гонконг тұмауымен ауырған 10 адам тіркелді

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мамандардың айтуынша, биыл Қостанайда тыныс алу органдарының жұқпалы вирусты ауруы өткен жылға қарағанда бір ай ерте басталған. Эпидемиологиялық науқанның басы саналатын 2016 жылдың қазан айынан есптегенде, облыста 29 мың ауру тіркелген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда биыл бұл жұқпалы ауруды жұқтырғандар бір жарым есе көбейген. Аталған ауруды жұқтырғандардың басы ауырады, жөтеледі, дене ыстығы күн сайын көтеріле береді. Қазір емханалар күшейтілген режиммен жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде он тұмау тіркелген. Гонконг тұмауы деп аталатын А (H3N2) типті тұмау осы жұқпалы аурудың маусымдық түріне жатады. Тыныс алу органдарының жұқпалы вирусымен 15 жасқа дейінгі балалар көп ауырып жатыр. Дәрігерлер ауруларды қарап үлгере алмай жатқандығын айтуда. Қалалық оқу бөлімінің айтуынша, Қостанай қаласындағы оқушылардың 5 пайызы сабаққа бара алмай отыр. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қаақстан»