Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров осы ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришке Сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Рәсім Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтті. Рәсімнен кейін болған екіжақты сұхбат барысында Қ.Омаров пен А.Гутерриш жаңа қызметке тағайындалуларымен бірін бірі жылы құттықтап, тараптар әріптестігінің одан әрі де жоғары қарқынмен дамитындығына сенім білдірді. Қазақстандық дипломат еліміздің басшылығы атынан Ұйымның кикілжіңдерді болдырмау, бітімгершілік, бейбітшілік орнату мен ұзақ мерзімді тұрақты даму салаларындағы көпжақты бастамаларға ықпалдасу жөніндегі жаңа басшысының жоспарларын қолдайтындығын білдірді. Сонымен қатар, ол сұхбаттасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары жайлы хабардар етіп, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаһандық Ұйымның игі ықпалдарын жандандырудың маңыздылығы туралы айтты.
Өз кезегінде Бас хатшы А.Гутерриш Н.Назарбаевпен 2016 жылғы 23 қарашада Астанада өткен кездесуін жылылықпен еске ала отырып, Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемнің барлық мемлекеттерімен, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің барлық тұрақты мүшелерімен тығыз ынтымақтастық орнатқан ел ретіндегі беделін атап өтті. БҰҰ басшысының айтуынша, бұл жетістіктер аймақтық қақтығыстарды реттеу мен жаһандық қауіпсіздіктің басты мәселелері бойынша қайшылықтарды еңсеруге игі ықпалын тигізеді. Сондықтан да БҰҰ Қазақстанмен саяси диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі, деді өзінің сөзінде А.Гутерриш.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30