12 Қаңтар, 2017

Британ ғалымдары жасаған сынақ рактің денеге таралуын 75% азайтты

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11

SPL

Жануарларға жасалған сынақ нәтижесінде қатерлі ісіктің денеге тарау көрсеткіші төрттен үшке азайды. Бұл туралы BBC басылымы Nature журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасап хабарлады. Бұл сырқаттан көз жұматындардың өліміне 90 пайыз жағдайда ісіктің ағзаға жайылуы себеп болады. Жаңа зерттеулер тышқандардың иммундық жүйесіне енгізілген өзгерістер қатерлі ісік ауруының өкпеде тарауын бәсеңдеткен. Британия Қатерлі ісік зерттеу институты ертеректе жасалған зерттеудің қорытындысымен бөлісіп, қатерлі ісіктің қалай тарайтыны мен оның емі туралы тың мәліметтер ұсынды. Қатерлі ісіктің тарауы ғылымда "метастаза" деп аталады. Қарапайым тілмен айтсақ, метастаза дегеніміз тез таралып жатқан ісік пен ағза арасындағы күрес. Кембридж Сангер институты ғалымдары ісіктің денеге тарауына не түрткі болатынына зерттеу жасаған. Олар қатерлі ісіктің таралуына қарсы күреске қандай ДНҚ-лар қатысатынын білу үшін генетикалық түрлендірілген 810 тышқанды сынаққа алған. Алдымен ғалымдар тышқандарға тері ісік ауруын егіп, содан соң ісік ауруының олардың өкпесіне таралуын бақылады. Нәтижесінде, сынақ тышқандардың көпшілігінің иммундық жүйесі мықтылығын байқатып, Spns2 аталатын бір ген терідегі ісік ауруының өкпеге өту мүмкіндігін төрттен үшке дейін қысқартқан. "Бұл өкпедегі иммундық жүйенің күштілігінен," - дейді зерттеу тобының мүшесі Доктор Девид Адамс. - Кей ағзаларда иммундық жүйе қатерлі ісік ауруынан басым түседі». Кей адамдарда дәрі-дәрмек ісік ауруын емдеуде әлсіздік танытып жатқанымен, кей ағзаларда қатерлі ісік ауруы өзінен өзі жоғалып кетіп жататын көрінеді. Британия Қатерлі ісік ауруын зерттеу орталығы маманы Доктор Джастин Алфордтың айтуынша, жоғарыда аталған зерттеу алдағы уақытта қатерлі ісікті емдеу жолын көрсете алады.