Астана әкімдігінде 2017 жылдың көлік кешенін дамыту бағдарламасы таныстырылды. Кездесу барысында "Астана LRT" ЖШС директоры Рустам Халилов қаладағы Абылайхан және Ш.Құдайбердіұлы даңғылдарына бірнеше айдың ішінде біржақты қозғалыс енгізілетінін айтты.
Рустам Халиловтың айтуынша, бұл елорда көшелеріндегі қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.
"Жолдарда біржақты қозғалысты енгізу жүйесін дамыту қарастырылып жатыр. Басты айтатын жайт - барлық автокөлік иелері бұл трафикті арттырады деп ойлайды. Бірақ ол кешенді жұмыс. Егер жолда 4 жолақ болса, оның екеуі BusLane, яғни автобустарға арналса, көліктер үшін тек екеуі ғана қалады. Бұл жағдайда біз бір бағытта үш жолақ болады деп қарастырып жатырмыз. Біреуі - қарсы бағыттағы қоғамдық көліктерге арналады. Ал қарсы қозғалыс болмаса, кедергі аз болатыны математикалық тұрғыда дәлелденген. Сол арқылы біз жол қозғалысын тиімді етеміз", деді Рустам Халилов
Естеріңізге сала кетсек, Астанада 28 мамырда Әуезов (Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшелерінде (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) біржақты қозғалыс енгізілген болатын. Екінші кезең 10 маусымда жүзеге асырылып, Янушкевич пен Кенесары көшелері біржақты қозғалысқа өтті.
• 12 Қаңтар, 2017
Астананың екі көшесіне біржақты қозғалыс енгізіледі

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20
Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты
Қысқы спорт • Бүгін, 11:07
Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?
Еңбек • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10