12 Қаңтар, 2017

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Назарбаев пен Путин екіжақты келісім мәселелері жайлы айтты. Алда Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланды», - делінген хабарламада.