12 Қаңтар, 2017

Биыл Астанаға кіру ақылы болады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаланың көше-жол желілерінде кептелісті азайту мақсатында «Ақылы кіруді» енгізу қарастырылған. Бұл туралы Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz. «Қалаға кіруді ақылы қылу бойынша бірқатар бағыттар қаралды. Тиімді шешім ретінде шығыс магистралінде IT–шешімі бар 6 тұрақты орнату қарастырылған. Ақылы кіріс  7:00-ден 10:00-ға дейін Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы, Қорғалжыннан кіретін бағытта орнатылады», - деді Б.Игенбердинов. «Астана LRT» көлік компаниясының директоры Рүстем Халилевтің айтуынша, бұл шешім адамдарды автобуспен жүруге итермелейді, ал ол қаладағы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. «Астанаға кірерде автотұрақ ашылады. Жүргізушілер көліктерін сонда қалдырып кете алады. Мақсат кірісті ақылы қылуда емес, қаланың кептелісін азайтуда», - деді Р.Халилев. Айта кетейік, қазіргі таңда қала маңынан 75 мың көлік келеді, оның 30-40 пайызы таңертең жолға шығады.