12 Қаңтар, 2017

Атырау облысында 16,7 млрд теңге заңдастырылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20160614171856 Екі жылға созылған мүлікті жария ету науқанына 1 920 атыраулық қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Батырбек Юсуповтың айтуынша, елімізден тыс жерде 130 өтініш қанағаттандырылып, 1 млрд-тан астам теңгенің мүлкі жарияланған.  Оның 922 млн теңгесі тұрғын үйлерге тиесілі. Ол тұрғын үйлер Түркия, Ресей елдерінде және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан. Ал жарияланған ақшалай қаражаттың көлемі 35 млрд теңгеден асады. Оның 3 млрд теңгесі шетелдік банктердегі есепшоттарда сақтаулы.