Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді аттестаттауды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, аттестаттау 1 ақпан күні басталады. Қазір дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.
Президент Жарлығының мәтіні:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды 2017 жылғы 1 шілдеге дейін өткізілсін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мыналарды:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
• 12 Қаңтар, 2017
"Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер аттестаттаудан өтеді

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026