12 Қаңтар, 2017

Қазақстанда металл қондырғыларын шығаратын жалғыз зауыт бар

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12_16 Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин Ақкөл ауданына барған жұмыс сапары барысында республикадағы жалғыз металл конструкцияларын өндiретiн теңдессiз зауыт қызметiмен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «СП Казахстан ЭХЗ технологии» ЖШС өңiрдегi жаңа кәсiпорын болып саналады. Ол 2016 жылдың қыркүйек айында ғана iске қосылған. Мұнда жерасты мұнай-газ құбырларының антикоррозиялық қорғанысына арналған анодты жерге тұйықтағыштар мен өзге де металл қондырғылары шығарылады. Бұл бұйымдар жер асты құбырларын коррозиядан қорғауға арналған. — Жоба iске қосылғалы берi 26 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Кәсiпорынның жобалық қуаттылығы айына 2 мың анодты құрайды. Бүгiнде 8 жұмысшымыз бар, — дейдi Жеңiс Бексұлтан. Өңiр басшысы өңiрдiң өнеркәсiптiк әлеуетiн арттыратын кез-келген жаңа жобаны қолдайтынын айтты. 12_17