Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Иорданияның ұлттық секциясының Комиссары Мұхаллад Әл Омари және Иорданияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инабпен кездесті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов қазіргі таңда халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Бүгінде 10 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыпқа сәйкес мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісті. Өз кезегінде Мұхаллад Әл Омари Иордания Хашимиттік Корольдігіне ұсынылған павильон және Астанада өткізілетін көрмеде баламалы энергия көздері бойынша өз ұсынымдарын көрсетуге берілген мүмкіндік үшін алғысын білдірді.
«Бүгін біз Иордания павильонын көріп шықтық, Көрме ұйымдастырушыларының атқарған ауқымды жұмысы көрініп тұр. Біз жақын арада павильонды безендіру жұмыстарына кірісетін боламыз», - деді Иордания ұлттық секциясының комиссары. Сондай-ақ, ҚР Иорданияның елшісі Ахмед Идрис Инабтың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілу барысында Қазақстанға Иордания королі келіп, өз мемлекетінің ұлттық күнін атап өту шарасына қатысатын болды. Кездесу соңында көрмеге қатысу келісімшарты мен павильон тапсыру құжаттарына қол қойылды. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026