«Теремок» деп атаған хайуанаттар паркі Қостанай қаласының нақ ортасынан орын алды. Онда қолтырауын, қоян, енот, айдаһар жылан, шиншилла, тиін, үкі,теңіз жануарлары құрбақа, тасбақа болып жалғаса береді. Қолтырауын, улы жыландар жыртқыштығымен, теңіз жануарлары сиректігімен келушілерді қызықтырады. Көп естігеннен тірідей бір көргенге не жетсін. Әзірге «Теремоктың» жиырма шақты тұрғыны бар, олардың қатары жақын күндері өрмекшімен толығатын көрінеді.
Қостанайда хайуанаттар паркін ашу туралы биологтар, әуесқойлар тарапынан жиі сөз болатын. Ал Юрьевтер отбасының табиғатқа қызығушылығы олардың өнерімен тікелей байланысты еді. Отбасы ұзақ жылдардан бері цирк өнерімен айналысады. Онда жануарлардың қатысуымен көрсетілетін нөмірлері де жеткілікті болатын. Алайда, каникул кездерінде олар жануарларды амалсыз үйде ұстайды. Балалардың табиғатқа қызықпайтыны жоқ. Сондықтан Қостанайда хайуанаттар паркін ашсақ деген ой пісіп-жетілумен болды. Алайда «үйдегі ойды базардағы нарық бұзып», олардың бастамасын қаржылай қолдай қойған ешкім табылмады. Жергілікті атқару органдары тарапынан да аса қолдау бола қоймады.
– Қаржылай қолдауға қолымыз жетпеген соң, өзіміз несие алдық та, хайуанаттар паркін ашуға тәуекел еттік, – дейді хайуанаттар паркінің басшысы Елена Юрьева. «Теремок» ұжымы аңдар санын, түрін көбейте түскісі бар. Мысалы, аю, жолбарыс немесе африкалық хайуанаттарды да қостанайлық көрермен назарына ұсынғысы келеді. Әйтсе де, олар үшін тұтас жағдай керектігі белгілі. Алдымен жылы ғимарат, жылдың жылы маусымында сыртқа шығару үшін арнайы алаңдар керек. Оның барлығы да қаржыға келіп тіреледі.
– Қазір аңдардың өзі де қымбат тұрады. Ең бастысы, орын керек, қалған мәселе бірте-бірте шешімін табар ма еді, – дейді Елена.
Дегенмен, іс басталды. Сеңнің жүреріне Еленаның сенімі мол. Ол өз хайуанаттар паркінің болуы қаланың өскені деп біледі.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ
Суретті түсірген
Константин Вишниченко

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026