13 Қаңтар, 2017

Ақындар да айтады-ау...

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолтаңба

Бір күні айтыскер ақын Сырым Әуезхан, атақты «Сары тентек» атанған Қуаныш Мақсұтовтан қол­таңба алуға барған екен. Қуекең де қу екен. Жас балаға өлең жазып беріп тұрғанша, «қаламсабымды беріп құтылайын» деп ойлапты. Сөйтсе біздің Сырым Қуекеңнің ручкасын алып тұрып: «автографты өзім жазып алайын ба, аға», – деген екен.  

Холодильник

Бір күні айтыскер ақын Нұрлан Мұсаев таксиге отырып, көліктің есігін қатты серпіп жауып жіберсе керек. Өз машинасына жаны ашып кеткен шопыр «бауырым, есікті ақырын жапсаңшы, үйіңде холодильник жоқ па?» деп ренжіген көрінеді. Сөйтсе, сөз тапқыш Нұр­лан «Холодильник бар ғой, бірақ оны ішінен жауып көрмеппін» деген екен.  

Бір әріп

Нұрлан Аққазин деген айтыскер ақынды бір айтыста жүр­гізуші Нұрлан Аққозин деп сахнаға шақырыпты. Фамилиясы қате ай­тыл­ғанға ренжіп, Нұрекең сах­на­ға шықпай қойса керек. Қазылар ал­қасында отырған үл­кендер «бір әріп­те тұрған не бар сонша, ха­лық­ты күттіріп қойғаның ұят емес пе?!» – деп ұрысып жатса, Нұрлан: «Бір әріпке көп нәрсе байланысты. Сен­дерді әділ қазылар демей, әділ қозылар десе жақсы ма?» деген екен. Жазып алған Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»