Қаллеки театрының камералық оркестрі қазақ композиторларының әндерін орындады
Қазақтың мемлекеттік академиялық Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры камералық оркестрінің репертуарында халықтық шығармалармен қатар қазақ композиторларының да туындылары көптеп саналады. Олардың ішінде А.Цагарелидің «Гамарджоба!», И.Штраустың «Жұбайлар жұмбағы», Е.Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиялары мен В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасында орындалатын шығармалардың жөні бөлек. Театрдың камералық оркестрі құрамында 22 адам бар. Көркемдік жетекшісі – М.Мырзақұлова. Бас дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бейсембаев.
Музыкалық кеште қалықтаған, халқымыздың тарихынан сыр шертетін әсем әуендер көрермен қауымды ерекше әсерге бөледі.
Қай кезеңді алып қарасаңыз да, қазақтың басынан кешкен қиындықтары аз болмаған. Солардың бірі – ХХ ғасырдағы ашаршылық пен жұттың зардабы болатын... «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» – деген ұранмен Голощекиндердің жүргізген саясаты жергілікті халықтың көзін жаппай қырып-жойып, қазақтың азат рухын жаншу еді... Осындай нәубетте адами қалыпты жоғалтпау, болашақ ұрпақ үшін жанын пида ету кез келгеннің қолынан келе бермес ұлы ерліктер саналғаны рас. Бұл ретте музыкалық кеште орындалған Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбектің «Ашаршылық» атты композициясына толқымаған жан некен-саяқ. Кеш шығарма авторларының қатысуымен жан баурады. Л.Жұманова «Танымал қазақ әуендерінен құралған музыкалық шығарманы», Г.Сетеков «Скерцо» сынды ырғағы мен әуені еркін алмасып отыратын музыкалық туындыны көтеріңкі рәуіште жеткізді. Композициялық шарада театр әртістері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері С.Қашқабаев, О.Жақыпбек, Ж.Ерболат өнер көрсетті. Театр және кино актері Шах-Мұрат Ордабаев кешті өте әсерлі жүргізгені үшін ризашылыққа кенелді. Концерттік бағдарламада мұнан басқа С.Әбдінұровтың «Ордабасы», Х.Әбілжановтың «Алау», Г.Секеевтің «Элегия», Абайдың «Көзімнің қарасы», А.Тоқсанбаевтың «Бұраң бел» туындылары мен Құрманғазының «Балбырауын» күйі бар.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026