13 Қаңтар, 2017

Сауда орындары жабылады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда ХХVIII қысқы Универсиада ойын­дарының салтанатты ашылу және жабылу шаралары өтетіндіктен шаһарда орналасқан 9 сауда орталығы 29 қаңтар мен 8 ақпан күндері жабылады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабар­лауын­ша санитарлық күндер жүргізілуіне байланысты 29 қаңтар мен 8 ақпанда жабылатын сауда орталық­тарының қатарында «Магнум» гипермаркеті (Ақбұлақ, 273), «Алтын Орда» базары (Ташкент даңғылы, 15 км, 1), «Барлық» базары (Ташкент тас жолы 18 км, 1/1), «Құрдас-7» базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1/7), «Жібек Жолы» базары (Райымбек даңғылы, 517/6), «Жұлдыз» базары (Розыбакиев көшесі, 33/1), «Барыс 4» базары (Райымбек даңғылы, 212д/1), «Кар Сити» сауда орталығы (Төле би көшесі, Ясауи көшесінің қиылысы) және «Арзан» гипермаркеті (Райымбек даңғылы, 507а) бар екен. Айта кетсек, шаһарда жұмыс істеп тұрған 46 сауда орталығының 4-еуі мамандандырылған, 16-сы азық-түлік сататын және 26-сы әмбебап базарлар болып табылады.  Аталмыш сауда орындарында 20 мыңнан астам кәсіпкер мен 25 мыңға жуық жұмысшы жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр. Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ