Кезекті еңбек демалысымды алып «Астана – Атырау» пойызына отырғанмын. Купелестерім жастары алпыстан аса бастаған егде кісілер екен. Сәлемдескеннен кейін таныса бастадық. Ағалы-інілілер болып шықты. «Максим», деді бірі, екіншісі «менің атым Горький», деп қолын ұсынды. Бір жағынан таң қалып, екінші жағынан қызық екен дегендей қарап қалсам керек. «Жұрттың бәрі солай ойлайды», деп жолсерікке дайындап қойған жеке куәліктерін көрсетті. Дәл солай. Сенбеске амал қалмады. Ол-ол ма, «Пушкин атты туған ініміз ауылда қалды», деді екеуі жарыса.
Жол алыс болғасын әңгіме керек. Атқа, есімге байланысты тақырыптың тиегі ағытылды дерсің. Кеңес үкіметінің саясаты ғой дегенімізбен, ең алдымен өзгеге еліктегіш өзіміз екенімізді мойындамасқа лажымыз жоқ. Бала есімін қоярда ең алдымен қазақ болып туғанымызға мән бермейтінімізге қайран қаласың. Сол екі ағамыз алыстағы қазақ ауылында талай Маркс, Энгельс, Мэлс, Александр, Индира, Рита, Лариса есімді аталарымыз бен әжелеріміздің бар екенін, ондайлардың орта буында да көп екенін ортаға салды. Бәрі өзіміздің қазақтар. Өзінің ұлдары мен қыздарын Горькийұлы, Горькийқызы деп жаздырған ағамның жүзінен еш өкініш көрмегендіктен, көңілім құлазып сала берді.
Жарайды, мұны келмеске кеткен кеңестің тәрбиесі, идеологиясы делік, бірақ тәуелсіздік алған соң, ерсі есімдерін жөндеп алған қандастарымыз аз ба? Максимді – Мақсым, Александрды – Ескендір, Коммунарды – Қайыммұнар, Эльмираны – Елмұра деп алғандар соның дәлелі. Бірақ алға қарай – ұлттануға қарай жүрудің орнына, ұлтсыздануға қарай бұратындар әлі де жетеді. Енді ағылшын, француз болуға еліктегіштер өсіп келеді. Даниэль, Альберт, Анель, Анелька, Диана, Албена, Альбина, құдай-ау, қайсысын айтасың, толып жатыр. Қазақ болып туып, қазақ екеніне мақтана алмайтындар көп жерде, ел боламыз, ана тілімізді көркейтеміз деген сөздің бәрі бос сияқты.
Ерсі дарақылық, көзге шұқитын бірдеңе жасап қойса: «қазақ емеспіз бе?» деп өзін өзі кекететіндер де өз арамызда жүр. Өзімді түзесем бүтіндей ұлтыма жасаған жақсылығым болар еді деп ойламайтын ұлт біз ғана шығармыз. Көшелер мен елді мекен атауларына да мән бермейтініміздің тамыры осында жатқан тәрізді. Архимед атты әкім де, Петропавл, Павлодар атты облыс орталықтары да, министр бола отырып мемлекеттік тілде сөйлемейтіндер де бізде...
Осындай оймен отырғанда купеміздің есігінен төрт-бес жастағы кішкене бала сығалады. «Мә, кәмпит ала ғой», деп жаныма шақырдым. Көз тимесін деген болу керек, әп-әдемі айдары желкілдеп тұр. «Атың кім, айналайын?». «Ерасыл» деп риясыз күлген сәби құлдыраңдап жүгіріп бара жатты. «Елімнің ертеңі сол, аман болшы», дей бердім ішімнен. Ерасыл. Нағыз қазақы есім!
Сәдуақас ЖҰБАТ,
журналист
АСТАНА

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026