13 Қаңтар, 2017

Кереғар мінездің кесірі кімге тимек?

492 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
5.Үміт Қыранқызы БИТЕНОВА-2...Ескі 2016 жылдың соңғы күнпарақтарының жа­былуына санаулы­ күн­дер қалған бола­тын. Өзіміз де жыл қо­ры­­тындысын жасап, атап өтілгелі жатқан ке­зек­ті корпоративтік ке­­­ш­тердің біріне асыға үй­­­ден шыққалы жатқан ап­ақ-сапақта басқа аудан­да тұ­­ратын қызының от­ба­сының жағдайын уайым­дап құрбым телефон соқ­ты. – Не істейміз бұл!.. Күй­еу балам, бұрынғы-бұ­рын­ғы ма, бүгін одан да зорын шығарып, шешесі мен келіншегін – құдағиым мен қызым екеуін бір­дей еңіретіп жатыр дей­ді... Ер­тең мерекелік шыр­­ша­да Ақшақар болып киі­ніп, тақпақ айтып, би билеп, өнерін көр­сететін 1 сы­ныптағы бүл­дір­шін­де­рінің – мектептің шырша­сына қатысуына тыйым салыпты. Мұның алдында ғана туған інісінің үйлену тойына келіншегіне мойны қым­­талып, ұзын жең, то­бығын жапқан көйлек ки­месе апармайтынын айтып, шаштаразға ба­р­ғыз­бай, қиғылық салған. Ол жі­гіт осыған дейін бір тұ­рақты жұмысқа тұмсық ты­ғып көрмеген, ішіп алып, төбелестен көз аш­пай­тын, осы келіншегін де екіқабат қып қойып, ол қыз өзіне қол жұмсауға бара жаздап, іс насырға шабатын болған соң ғана үйленген жігіт еді. «Басы қатты болса – аяғы тәтті болар» деп жұбатысқан ата-аналардың бағына та­ғы екі-үш балалы болып, немере сүйгізген жас отау иесі кейінгі жылдары ішкенін қойып, намазға жығылып, сол ауылдың мешітіне барып, уағыз тыңдап жүргенін естігенде, жақын-жуықтары тұрмақ, сырттағы біздер де қуан­ған­быз. Бірақ, оның намаз­xанға айналуының енді осын­дай түйткілдері шы­ға бастады. Артық сөй­ле­генімізді бір Алла ке­шір­сін, лайым!.. Үш баласына қарап, емізулі кішкентайымен үйде отырған келіншегіне де, «Балапан» телеарнасына телміретін сәбилеріне де теледидар тамашалауға үзіл­ді-кесілді тыйым сал­ды. Өзі жалғызілікті ше­шесінің қолында, қуықтай бас­панада осы шиеттей ба­ла-шағасымен бірге тұ­ра­тын, жалғыз бала. Ана­сын «ішімдік ішесің» деп үйінен қуып шықты. Рас, «өзіне де обал жоқ», деп сыртынан кінәлап, орта жасқа келіп қалған құда­ғиды басқаларымыз ақтай ал­мадық. Қазір ол әйел об­лыс орталығындағы үй­лердің бірін жалға алып, тұ­рып жатыр... «Осы мектеп деген, бәленің бәрін үйрететін! Жа­ңа жыл деген орыс­тар­дың мейрамы! Шыршаға жі­бермеймін қызымды!» деп бұлқан-талқан болып, үйдегі балапандарын үрпитіп, кезекті бір сой­қан жасаған әке мектеп табалдырығын енді ат­тап, өркениетті оқу мен білімге ұмтыла та­л­­пынып, апыл-тапыл қадам басқан бұл қызды «Мек­тептен шығарып алып, мед­ресеге берем!» деп қыл­қына жұлқынып отыр дейді. Кереғар пікірлі жас әкені мұғалімдерінің уә­жіне тоқтата алмаған мек­теп те «Мерекелік бағ­да­р­­ламамызда көр­се­те­­тін көп өнері бар еді, «ер­тең­гіліктің» шырқы бұ­зы­латын болды!.. Әке­сін жайлап, көндіріп кө­рі­ңіздерші!» деп сұранып, ша­расыздық танытыпты... Не керек, «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ». «Осыдан сол қызды енді мерекелік шырша түгілі, мектепке сабаққа жіберсең, көресің! Үш ба­ла да саған жоқ! «Талақ» етем сені! Ажырасам! Кет, құры! Ал балалар – ме­ні­кі! Өлсем де саған бер­мей­мін!» деп байбалам са­лып, қоқан-лоққымен қо­р­қытқан ер-азаматынан құ­дайдың құтты күні таяқ жеп, жүнжіген жас ке­ліншек әлем есігін қағып ке­ліп кірген жаңа 2017 жыл­ға осындай наламен кірді... Құлын-тайдай құл­ды­раңдап ойнайтын қуыр­шақ­тай достарынан –қата­ры­нан қалып, сора-сора бо­лып аққан көз жасынан айғыздалған жүзін жөн­деп әлі жуа алмай жүр­ген бірінші сыныптық әл­гі балапан қыз Аяз ата­ның да тәтті-пәттісі мен сыйлығынан құр қал­ы­п­ты... Сонда бұл азамат кім­ге «қиын» қылды?!. Үміт БИТЕНОВА, ақын, Жазушылар одағының мүшесі