13 Қаңтар, 2017

13 қаңтарға арналған ауа райы

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
aua-raiy Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, тек республиканың батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын  болып, жел  күшейеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.