13 Қаңтар, 2017

Еуроодақ сириялық босқындарға 200 млн доллар бөлді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

thumbs_b_c_d08c00cb6d857a21dfd0b179ba6a12d8

Еуроодақ Түркиядағы сириялық босқындардың қажеттілігіне 200 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Бұл қаражат сириялық босқындардың балаларына мектеп салу мен гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалады.

Сондай-ақ Түркиядағы Еуроодақтың сириялық босқындарға көмек көрсету қорына 2,2 миллиард еуро бөлінген. Бүгінге дейін 1,4 миллион еуро тұратын 31 жоба келісілген.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 29 қарашасы күні Еуроодақ Түркиямен Анкараға 3 миллиард еуро көлемінде сириялық босқындар бойынша қаржылық көмек көрсету туралы келісімге келген болатын. 2016 жылдың 18 наурызынан бастап Еуроодақ 2018 жылдың соңына дейін тағы 3 миллиард еуро бөлетінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда Түркияда 3 миллионнан астам сириялық босқын бар.