2017 жылдың соңына дейін 9 мыңға жуық ақылы көлік тұрағы орындары жасалмақ, бұл жөнінде Астана әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдау барысында астаналық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов хабарлады, деп жазады strategy2050.kz.
«Бірінші жобаны әкімдік вокзал маңы алаңы аумағында іске асырды. Дәл осындай жүйе мамыр айында ашылатын жаңа темір жол вокзалында да енгізіледі», - деп хабарлады Б. Игенбердинов.
Сондай-ақ көлік тұрағы орындары туралы «Астана LRT» компаниясының өкілі Рустам Халилев те хабарлады.
«Астананың көлік тұрағы орындарын басқару» жобасы екі аймақтан тұратын болады. Бірінші аймақ Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ көшелерінің қиылысы. Екінші аймақ Сарыарқа - Бөгенбай батыр – Республика – Жағалау көшелерінің қиылысы. Бекітілген тариф 1 тұрақ сағаты үшін 100 теңгені құрайды», - деді Р. Халилев.
Р. Халилевтің айтуы бойынша, 2017 жылдың екінші тоқсанында Астанада Абылай хан және Ш. Құдайбердіұлы даңғылдарында 5,3 шм біржақты қозғалыс жолы енгізіледі, бұл көлік ағымының жылдамдығын арттырады. Бұдан бөлек, 24 жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген қозғалыс жолақтары пайда болады.