Еуропалық парламент адамзаттың жасанды интеллект және роботтармен қарым-қатынасын реттейтін заң жобасын дайындап жатыр, деп хабарлайды BBC.
Еуропарламент мүшелерінің айтуынша, әлем бүгінде жаңа өнеркәсіптік төңкерістің алдында тұр.
Аталған заң жобасы арқылы еуропалық заң шығарушы орган роботтарға "электронды тұлға" анықтамасын беру жағын ойластыруда.
Еуропарламент қабырғасында берілген есепке қарағанда, роботта кез келген уақытта оны сөндіріп тастайтын арнайы түймесі болуы міндеттемек.
Сонымен қатар, роботтың иелерінің олардан қандай да бір физикалық немесе психологиялық қатер алу мүмкіндігі болмауы керек.
Басылымның хабарлауынша, алдағы уақытта жасанды интеллекттің кез келген түрі әлемге өнеркәсіптік төңкеріс әкелмек.
Қазір еуропалық парламент өкілдері жұмыс орындарына жаппай роботтардың тартылуынан адамзаттың жұмыссыз қалу мүмкіндігін ескеріп, осы мәселені шешу жағын ойластыруда.
Есепте алдағы бірнеше жылда жасанды интеллект адамзатқа қарағанда ақылдырақ болып кетуі мүмкін екені де айтылған. Тиісінше, адамзаттың керісінше роботтарға тәуелді болып қалу қаупі де жоқ емес.