Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысқандығы жөнінде өз ойымен бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Даниярдың кәсіби деңгейге қадам басатынын біліп жүрдік. Ол әуесқой бокста мүмкін болған жетістіктің бәріне жетті. Әлем, Азия, Олимпиада чемпионы атанды. Тәжірибесі де көп. Головкиннің деңгейіне жетеді деп сенімді түрде айта аламын. Арманын жүзеге асыру үшін бойында бәрі бар», – деді Айтжанов.
«Даниярдың келісімшартын көрмегендіктен анық-қанығын білмеймін. Келесі Олимпиадаға қатысатындығы белгісіз. Әрине, Елеусіновтің орны ерекше. Бірақ ұлттық құрамада 69 килода лайықты өнер көрсететін боксшыларымыз жеткілікті», – деді ол.
Қазақстандық спортшының жеке бапкері болып әкесі Марат қала бермек. Жаттығу лагері АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. Мұнда ол қосымша америкалық мамандармен жаттығады.
Айта кетейік, Данияр орта салмақта (66 кг дейін) бокстасады. Промоутерлік компаниямен келісімшартқа келесі айда қол қояды. Ал алғашқы жекпе-жегі мамыр айында Қытай астанасы Пекин қаласында өтуі мүмкін. Промоутері Майк Алтамура оның екі жыл ішінде әлем чемпионы атағына қол жеткізетініне сенімділік білдірді.
• 13 Қаңтар, 2017
Мырзағали Айтжанов: Елеусінов Головкиннің жетістіктерін қайталай алады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026