2017 жылы әлем бойынша жұмыссыздар саны 201 млн-ға жетеді. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының әлемдік деңгейдегі жұмыспен қамту көрсеткіштері туралы жасаған баяндамасында белгілі болды, деп хабарлады БҰҰ жаңалықтар қызметі.
"Бұл көрсеткішке 2018 жылы тағы 2,7 млн адам қосылады. Еңбек нарығындағы аталған жағдайдың себебі - жұмыс істеуге жарамды жастағы адамдар саны жұмыс орындарын ашу жылдамдығынынан да қарқынды өсуде", делінген хабарламада.
Аталған ұйымның бас директоры Гай Райдердің айтуынша, қазіргі таңда бір уақытта екі мәселені шешу керек: жаһандық экономикалық және әлеуметтк дағдарыстың орнын толтыру, жыл сайын еңбек нарығына келетін ондаған миллион адамдарға қосымша жұмыс орындарын ашу.
Сонымен қатар ол экономикалық өсім де әлем бойынша төмендегенін айтты.
"Бұл жаһандық экономикадағы алаңдататын жағдай. Себебі жұмыс орындарын сақтап қалуға кесірін тигізеді", деді Г.Райдер.
Баяндама авторлары Еуропа мен Солтүстік Америкада жұмыссыздық деңгейі түспегенін айтады. Ал Батыс Еуропада жұмыссыздық саны өсімін жалғастыруда.
Оның айтуынша, осы жылдың соңында әлемдегі жұмысыздық көрсеткіші 3,4 млн-ға артады.
Баяндамада Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары алдағы 2 жылда өз еңбегі үшін күніне 3-10 доллар жалақы алатын кедейлер саны 5 млн-ға жететінін атап өтті.
• 13 Қаңтар, 2017
2017 жылы әлемде жұмыссыздар саны 201 млн-ға жетеді

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026