13 Қаңтар, 2017

Серік Сәпиев Атлетика ауылының әкімі болып тағайындалды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Универсиада болатын Атлетика ауылының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Универсиаданың баспасөз қызметі. «Қазақстандық боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Дүниежүзілік қысқы универсиада қонақтары мен еріктілері орналасатын Атлетика ауылының әкімі болып тағайындалды», - деп хабарлады дирекция. Атлетика ауылы әкімінің міндетіне делагацияны қарсы алу, салтанатты шаралардың ашылуына, жалауларды көтеру рәсімдеріне қатысу кіреді. Сонымен қатар, ресми шаралармен қоса, Атлетика ауылының әкімі қонақтарға жайлы болуын да қамтамасыз етуі керек. «Атлетика ауылының әкімі болу және мынадай ауқымды спорт шарасына араласу мен үшін үлкен мәртебе, жауапты міндет», - деді Серік Сәпиев. Айта кетейік, Атлетика ауылына 3 000 адам келеді деп жоспарланып отыр. Онда спортшылардан бөлек, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және өзге де елдерден келген барлығы 100-ге жуық еріктілер барады.  Бас жоспар бойына Атлетика ауылына 5 000 адам орналаса алады. Атлетика ауылының салтанатты ашылуы 24 қаңтарда болады.