13 Қаңтар, 2017

Шымкентте жер кезегінде 89 мың адам тұр

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) Шымкент қаласында жер кезегінде 89 мыңнан астам адам тұр. Қалалық жер қатынастары бөлімі биыл 4850 адамға жер учаскелері берілетіндігін айтады. Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы 10 сотық тегін жер алуға құқылы. Бірақ, қалада оншақты жылға жуық жер берілмей келді. Өйткені, кезінде инфраструктурасы жоқ жерлер де пышақ үстінен бөлініп, көбі сатылып кеткендіктен, әкімдік алдымен жерді дайындап алуды көздейді. Бұл жолы қала аумағындағы Таскен, Солтүстік саяжай және Құрсай, Бозарық ауылдарынан жер телімдері беріледі. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы