2016 жылы этикалық нормалардың сақтамағаны үшін 200 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін кешенді аттестаттау» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.
Спикердің айтуынша, биылғы аттестаттаудың бұрынғылардан ерекшелігі, ол қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін олардың кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.
«Бұл жалпы бүгінгі қоғамның сұраныстары мен халыққа қызмет ету қағидаларына жауап беретін мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін қажет», – деп атап өтті А.Шайымова.
Ол сондай ақ биыл «Б» корпусынан шамамен 65 мың мемлекеттік қызметкер кешенді аттестаттаудан өтетінін мәлімдеді.
«Орталық деңгейде – сарапшылардан министрлік пен ведомство департаменттерінің директорларына дейін, облыстық деңгейде – мамандардан жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшыларына дейін, ал аудандық деңгейде – ауыл әкімдіктерінің жетекші мамандарынан аудан әкімдерінің орынбасарларына дейін және мамандардан аумақтық орган басшыларына дейін аттестаттаудан өтетін болады», – деді агенттік төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ ол аттестаттаудан босатылатын мемлекеттік қызметкерлер туралы айтып өтті.
«Бұл санатқа декреттік демалыстағы, аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ 3 жасқа толмаған балалары бар әйелдер, 14 жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер жатады. Сонымен қатар, зейнеталды жастағы қызметкерлер, «А» корпусының кадрлық резервінде тұрғандар және мемлекеттік қызметке алғаш рет алынып, алты айдан аз уақыт жұмыс істеген қызметкерлер аттестаттаудан өтпейді», – деп түсіндірді А.Шайымова.
• 13 Қаңтар, 2017
Аттестаттаудан қандай мемлекеттік қызметкерлер босатылады?

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026