13 Қаңтар, 2017

Майк Алтамура: Елеусіновтің брендін қалыптастыруымыз керек

246 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
yeleusinov 1 Әуесқой бокста үздіктердің бірі болған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бірер күн бұрын ғана кәсіпқой боксқа ауысқандығын хабарлаған болатын. Алдағы уақытта ол MJA Entertaynments промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырады. Аталған компанияның басшысы Майк Алтамура осы жөнінде өзінің пікірімен бөлісті. Бұл туралы sports.kz хабарлады. MJA Entertaynments жақында ғана құрылғандықтан ол жайлы мәліметтер де аз. «Мен бокс менеджментіне 16 жыл бұрын келгенмін. Күндіз-түні талмай жұмыс істегенімнің арқасында осы компанияны құрып отырмын. Бірінші орында Австралия және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерімен байланыста боламыз. MJA – Майкл Джон Алтамура, яғни менің толық аты-жөнім», – деді ол. altamura-yeleusinov Елеусіновтің алғашқы жекпе-жегі Қытайда өтетіні туралы хабарланған болатын. «Даниярдың жұлдызды мансабын құру үшін Аспанасты елінің нарығы маңызды рөл атқарады. Ол жақтың демеушілері де көп, спортқа деген қызығушылығы да жоғары. Әрине, біз тек Қытаймен ғана шектеліп қалмаймыз. Олимпиада чемпионын әлемнің барлық телеарналарынан көрсетуге уәде береміз. Сондай-ақ, жоспарымызда «Астана Аренада» хедлайн ұйымдастыру бар», – деді Майкл. MJA Entertaynments-ке Даниярдың ағасы Дәуреннің де қосылғанын әкесі Марат Елеусінов мәлімдеген. «Қазір Дәуренмен келісімшарт жасасудың соңғы кезеңі қалды. Бойындағы жігерінің арқасында әлем чемпиондығына қол жеткізеді деп үміттенемін. Қазақстанның тарихына көз жүгіртер болсақ, әлемге белгілі көптеген былғары қолғап шеберлері шыққан. Мұндай талантты жандармен қызметтес болудың өзі үлкен мәртебе», – деді промоутер. yeleusinov 2 Қытай, Австралия, Азия-Тынық мұхит аймағының елдері. Осыдан келіп, кәсіпқой бокс өркендеген жердің  бірі АҚШ болғанмен, аталған компания басшысы бұл елге аса қатты қызығушылық танытпайтын сияқты. «АҚШ-ты жоспардан алып тастау мүмкін емес. Оның да кезі келетініне сенімдімін. Бірақ 3-4 жыл бұрынғыдай табысқа жету қиындау. Телевизиялық нарығы да аздап құлдырап қалды. Ал қазіргі уақытта Даниярдың брендін қалыптастыруды мақсат етіп отырмыз. Бұдан соң ауқымды жұмыстарға көшеміз», – деді Алтамура. «Даниярға бұрыннан көзім түсіп жүрген еді. Оның Зия Алиев және Элвис Креспо сынды менеджменттерімен араласып тұратынмын. Бойындағы талантымен, жеңіске деген құлшынысымен бірден назарыма ілікті. Алдағы уақытта онымен тығыз байланыста болатыныма қуанып жүрмін. Ал қарапайымдылығы өз алдына бір әңгіме. Даниярға кәсіпқой бокста алға қойған мақсаты туралы сұрағанымда, еш ойланбастан «Аты аңызға айналған тұлғалардың бірі болғым келеді» деп жауап берді», – деді ол.