KAZ Minerals тобы баланстық қорлардың толықтай аяқталуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Юбилейный-Снегиринский кенішіндегі өндіру жұмысын аяқтады, деп хабарлады компания. Бұл туралы abctv.kz жазады.
"Юбилейный-Снегиринский кен орны – топтың құрамындағы ең кішкентай кеніш. 2016 жылдың 9 айы ішінде мұнда құрамында 7,1 мың тонна мыс бар 392 мың тонна кен өндірілді. Кеніште жұмыс вахталық әдіспен жүргізілді", – деді KAZ Minerals тобының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұқарамен байланыс менеджері Ермек Дүзкенов.
Өндіру жұмысы аяқталған соң кеніштің қызметкерлер құрамына оңтайландыру жүргізілді. 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша кеніште 158 адам еңбек етті. Оның 35-і «Востокцветмет» ЖШС-ның өзге кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылса, 59 адам өз еркімен жұмыстан кетуді ұйғарды. Оңтайландыру шарасы 27 адамға жүргізілді. Тағы 37 адам қазіргі таңда күзет режимі мен кеніште су ағызу жүйесіне бақылау жүргізуге тартылған. Олармен еңбек шарты жою жұмысы аяқталғанға дейін ұзартылған.
Компанияда бекітілген жоспарға сәйкес, Юбилейный-Снегиринский кен орнын жою жобасы әзірленіп, өздігімен жүретін және стационарлық қондырғыларды компанияның өзге кәсіпорындарына көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұл кеніште полиметалдық мыс-мырыш және қорғасын кені жабық әдіспен өндіріліп келді. Кенді өңдеу Николаев кен байыту комбинатында жүргізілді. Кеніш «Востокцветмет» ЖШС құрамына кіреді және облыстың Глубоков ауданында орналасқан. Кен орны 1959 жылы ашылып, барлау жүргізіліп, 1975 жылы мемлекет меншігіне тапсырылған. Пайдалануға 2002 жылы берілді.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026