Қазақстанның белгілі сәнгері Ханум Айдаш әлемдік танымал брендпен алғаш рет жоғары сападағы қол сөмкелер шығаруды бастады, деп жазады abctv.kz.
Нақтырақ айтқанда, Prada, Gucci, Debenhams, Whistless, Науks and Spencer сынды кеңінен белгілі брендтермен ынтымақтастықта жұмыс істейтін Түркияның «Desa» зауыты арасында көпір орнатып, аталған брендтер сапасынан кем емес қазақстандық «Hanum Сollection» брендімен әйелдерге арналған қол сөмкелерін шығару мүмкіндігіне ие болды.
Сәнгер мұны жаңа жылдағы қазақстандық сән әлемінің ең үздік оқиғасы деп санайды. Өйткені ол бірінші болып әлемге әйгілі аталған кәсіпорынмен келісім орнатып, тұңғыш рет қазақстандық бренд атауымен сапалы сөмке шығаруға жол ашты. Әзірге бір-біріне ұқсамайтын 12 дана сөмке жасалыпты. Оның алтауы сөмкенің алғашқы таныстырылымында сатылып кеткен. Сөмке құнына келсек, оны кез-келгеннің қалтасы көтере бермесі анық. Дегенмен Ханым Айдаштың айтуынша, Қазақстанның 20-30% әйелдері осындай жоғары сападағы танымал бренд сөмкелерді Еуропадан өте қымбат бағаға сатып алады. Мұндай сөмкелердің құны 300 мың теңгеден жоғары кете береді. Ал сапасы да сол бағасына тұрарлық.
Өте сапалы, 100 пайыз тері, түрлі өңдеуден өткен, престелген теріден жасалған. Шығыс үлгісіндегі біздің сөмкелердің тастары табиғи, сваров тастарымен көмкерілген. Елімізде арзанқол сөмке жасау өндірісі бар шығар. Бірақ біздің мақсатымыз ол емес. Біз тек таза жоғары сапаны көздедік. Қолжетімділік туралы да ештеңе айта алмаймын. Себебі біз қолжетімді сөмке жасауды жоспарламадық. Ең бастысы, әлемдік бренд және сапа, жаңа деңгейді бағындыру. Аталған түркиялық кәсіпорынмен келісім жасау, одан соң сөмке дизайнын қорғап шығу оңай болмады. Тағы да шығара береміз. Бірақ олар бір-бірін қайталамайтындай етіп шығарылады. Әзірге шетелде тігіліп жатыр, болашақта өз елімізде өндіруге жұмыстануымыз керек , - дейді сәнгер.
Танымал сәнгердің өзі соңғы жылдары сондай әлемдік брендтегі сөмкелерді елге алып келіп сатумен айналысқан. Сол кездері неге осындай сапалы дүниені өз еліміздің атынан шығармасқа, сөйтіп өз қаржымызды өзімізде қалдырмасқа деп армандағанын, сол арманына жайлап қол жеткізіп жатқанын айтады.
Ханым Айдаш басқаратын «Hanum» агенттігі қазақстандық дизайнерлер өнімдерінің басын қосып, «FASHION HANUM collection» ұлттық брендтер дүкенін былтыр ашқан болатын. Дүкен директоры Айдана Төлегенованың айтуынша, бүгінде аталған дүкеннің 5 мыңдай тұрақты клиенті бар, күніне оған 10-20 адам келеді. Кезінде 90-шы жылдардың ортасында қазақтың Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова бастаған ең танымал 200-дей эстрада әншісіне сахналық киімдер ұсынған сәнгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, этнолог, дизайнердің жаңа сөмкелерін қазақстандық сылқым қыз-келіншектер Астанадағы осы дүкеннен ғана таба алады.
• 13 Қаңтар, 2017
Қазақстанда «Hanum Сollection» қол сөмкелері шығарыла бастады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026