13 Қаңтар, 2017

Астанада Бакудегі «Қаралы қаңтар» туралы фотокөрме ашылды

590 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
unnamed Бүгін  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музей ғимаратында Бакудегі 1990 жылғы 20 қаңтардағы қайғылы оқиғаларға арналған «Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтті.  Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Әзербайжан елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. ашу Әзербайжанда жыл сайын 20 қаңтар қаралы күн ретінде аталып өтіледі. Осыдан 27 жыл бұрын 1990 жылы 19-нан 20-на қараған түнінде КСРО басшылығының нұсқауы бойынша Бакуге әскерлер енгізілді және қарапайым халыққа оқ жаудырды. Бакуге әскер кіргізер алдында Арменияның Әзербайжанға қарсы ашық қарулы агрессиясына, әзербайжан жерінде яғни Таулы-Қарабах автономиялы облысында заңсыз армян қарулы құрамалардың жүгенсіздігіне байланысты республикалық және орталық кеңес басшылығының әрекетсіздігіне наразылық шерулер өтті. unnamed (2) 19 қаңтарда кешке КСРО МҚК «Альфа» арнайы бөлімшесі Әзербайжан телеарналарының энергетикалық блогын жарып жіберіп, содан соң халық маңызды ақпарат алу мүмкіндігінен айырылды. Тұрғындар төтенше жағдайдың енгізілуі жөнінде тек таңертең 20 қаңтарда қаланы Кеңес әскері бөлімдер басып алып, әскери тікұшақтардан лақтырған парақшаларынан хабардар болды. Нәтижесінде, 134 бейбіт тұрғын қаза тапты, 700-ден астам адам жарақат алды. Әскер енгізгеннен кейін оппозицияның белсенді мүшелеріне қатысты қуғын басталды. Алайда, бұған қарамастан, 22 қаңтар күні әскери құрбандармен қоштасуға шамамен 1 миллион адам қатысты. Қаза тапқандардың денелері сол күннен бастап Батырлар аллеясы ретінде белгілі болған Таулы саябағына жаяу жеткізілді. unnamed (1) "Бұл оқиғалар Әзербайжан тарихына «Қаралы қаңтар» болып енді. Сол қанды оқиғалардың болғанына көп жыл өтсе де, әзербайжан халқы жантүршігерлік сол бір түнді әрдайым еске алады.  Осылайша 20 қаңтар жалпыхалықтық Аза тұту күні ретінде күнтізбеде мәңгілікке қалды», деді Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов. unnamed (3) Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Елшілігі «Қаралы қаңтардың» кезекті жылдығына байланысты 1990 жылы 20 қаңтардағы зардаптарының қоғамдық  фотоиллюстрацияларын ұсынды. Онда қарусыз халыққа қарсы әскер күшін пайдаланған сәттің қайғылы жағдайы бейнеленген. unnamed (5) Сонымен қатар, бұл суреттер - көптеген құрбандардың құнымен ар-намыс пен қадір-қасиет, бостандық пен Отан ұғымдары жай ғана сөз емес, әзербайжан халқы рухының жанды куәсі екендігін дәлелдейді десек болады. Қаңтардағы қайғылы оқиға КСРО-ның ыдырауына әсер етіп, нәтижесінде Әзербайжан мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізуді қайтымсыз етті. Аталмыш көрме 20 қаңтарға дейін жалғасады.  Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Ерлан Омаров