14 Қаңтар, 2017

Бүгін Жақыпов кəсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
image_l WSB чемпионы, «Astana Arlans» құрамындағы 27 жастағы өскемендік боксшы Мирас Жақыпов 14 қаңтар күні Шанхайда (Қытай) кәсіпқойлар арасында өзінің алғашқы айқасын өткізеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Қазақстандықтың қарсыласы Гуаньжи Жен жергілікті боксшы. Бұл айқас ол үшін де кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жек болмақ. Төрт раундтық бокс кездесуі жартылай жеңіл салмақта өтеді (126 фунтқа дейін - 57,2 кг). Екі боксшы да таразыға тартылу салтанатында көрсетілген салмақтан аспады. Жақыпов 124 фунт (56,3 кг), ал қытайлық боксшының салмағы 125 фунтты (56,7 кг) құрады. Айта кетейік, Мирас Жақыпов Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы. 2012, 2014 және 2015 жылдары «Astana Arlans» командасы сапында 6 жекпе-жек өткізді. 4 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуінде жеңілген.