14 Қаңтар, 2017

Ұлыбританияның шығысында су тасқыны болды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5879754908514 Ұлыбританияның шығысында құтқарушылар су тасқынынан жағалау маңындағы мыңдаған адамды құтқаруда. Операцияға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды Sky News телеарнасы. Биліктің айтуынша, алапат толқындардың Норфолк, Саффолк және Эссекс графтығындағы елді мекендерді шайып кету қаупі бар. Линкольншир тұрғындарына, сонымен қатар Солтүстік және Шығыс Йоркшир тұрғындарына жағалауға жақындауға тыйым салынды. Су тасқыны елдің ондаған өңіріне қауіп төндіруде. Барлық графтықта өз үйлерін тастауға мәжбүр болған адамдарға арнап уақытша тұру орталығы құрылды. Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның барлық аумағында қалың қар түсіп, қатты жел мен көктайғақ болады деп күтілуде.