14 Қаңтар, 2017

«Ақжайық» оқу-жаттығу жиынында Албанияның командасын жеңді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
fc Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайық» футбол командасы спарринг-кездесуде Албанияның «Тирана» клубын 2:0 есебімен жеңді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Ақжайық» сапында Иван Антипов пен Абылайхан Тотай мергендігімен танылды. Мұнда нигериялық Изу Азука сынақтан өтуде. 27 жастағы футболшы бұған дейін «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» командаларында ойнаған. Айта кетейік, Түркиядағы дайындық 28 қаңтарға дейін созылады.