15 Қаңтар, 2017

Мирас Жақыпов кəсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
oxD4jpHzFN8 Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды dodasport.kz. WSB тұжырымы бойынша «Astana Arlans» құрамында чемпион болған отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын Қытайда бастады. Шанхайда өткен жекпе-жек төрт раундқа созылған болатын. Жартылай жеңіл салмақта жергілікті боксшы Гуаньжи Женмен шаршы алаңға шыққан отандасымыз ұпай саны бойынша қарсыласын ұтты. Айта кетейік, 27 жастағы Мирас Жақыпов Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы. 2012, 2014 және 2015 жылдары «Astana Arlans» командасы сапында 6 жекпе-жек өткізді. 4 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуінде жеңілген.