15 Қаңтар, 2017

Шымкентте "Шатқал" бағдарламасы аясында 5 саябақ салынады

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
87f422c4-4ce0-46c3-9f66-56eeca6f3a23«Шатқал» бағдарламасы аясында жаңа демалыс орнының капсуласы салынды. Салынатын саялы баққа «Шымсая» деп атау берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Шымкенттегі Тассай тұрғын үй алабының маңында орналасқан 25 га шатқалды көгалдандыру мақсатында құрылған демалыс аймағында 1 мың түп ағаш отырғызылды. Көгалдандыру жұмысында облыс әкімімен бірлесе сол елді мекеннің тұрғындары, жастар, жоғарғы оқу орнының студентері мен ұстаздары және БАҚ өкілдері боз арша, талшын шаған, емен, катальпа, аққайың ағаштарын егіп, қаламыздың гүлденіп, көркейуіне өз үлестерін қосты. Аталған демалыс орындары өңір тұрғындарының таза ауада тынығып, демалуы үшін жасалып жатқанын айтқан әкім оның тазалығы мен дамуына бірлесе күш салу қажеттігін атап өтті. «Алдағы уақытта демалыс аймағына 6 мың түп ағаш көшеттері мен балалар алаңшасы, шахмат және дойбы алаңы, вело жолдар мен театралдық сахна, полиция бөлімшесі, спорттық жаттығу алаңдары салынып халық игілігіне беріледі. Бұдан бөлек биыл қалада тағы осы сынды 4 жерді абаттандырып, саябаққа айналдырамыз. Сонымен қатар, «Шатқал» бағдарламасы аясында 16 мың гектардан астам алқапты құрайтын қаланың жасыл белдеуін қалыптастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Ж.Түймебаев. Еліміздегі тың жобалардың бірі болып табылатын  бұл бағдарламаның басты мақсаты - қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған тың жоба бойынша алдағы уақытта қалада 600 гектар шатқалды жер демалыс  орындарына айналдыру жоспарлануда. Осы жылы бірінші кезеңдік жұмыстар шеңберінде қолға алынатын 5 шатқалдың (97 гектар жерді құрайды) біреуі бюджет қаржысы есебінен көгалдандырылып, сая жерлерге айналдырылса, қалғаны  демеушілер есебінен жүзеге асырлатын болады. Осы іспеттес абаттандыру жұмыстары қаладағы «Самал-3», «Нұрсәт», «Достық» (оң жақ және сол жақ) шағын аудандарында  жүргізіледі.