15 Қаңтар, 2017

Мексиканың жанармай қоры таусылуға жақын

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мексикадағы жанармай қоры енді ары кетсе 3 күнге ғана жетеді. Бұл туралы елдің энергетика министрі мәлімдеді, деп жазады Хабар 24. Оның айтуынша, соңғы жылдары мемлекетте бензин өндіру көлемі айтарлықтай азайған. Сондықтан қазір негізінен шетелден сатып алынады. Айта кеткен жөн, былтыр Мексиканың мемлекеттік мұнай-газ компаниясының қара алтын өндіру деңгейі соңғы 26 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. Ал биыл 1 қаңтардан бастап елде жанармай бағасы бірден 20%-ға қымбаттады. Соның кесірінен жаппай ереуілдер мен тәртіпсіздіктер белең ала бастады. Наразылық шарасына қатысушылар жарты мыңға жуық дүкенді тонап, мұнай өңдеу зауыты мен шикізат қоймасына баратын жолдарды жауып тастаған.