Бұл жайында ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды. Оның жазуынша, қазақстандық делегацияны ҚР Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек басқарды. Отырыста туризм, азаматтық авиация, көлік, геология мəселелері талқыланды. Қорытындысында бірқатар салалық меморандумға қол қою жоспарланған.