***
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Гүлнар Бижанова, Снежанна Имашева және Серік Құсайынов Қарағанды қаласының Достық үйінде өткен облыстық және қалалық Қоғамдық кеңестердің отырысына қатысты.
Мәжіліс депутаттары заңнамаларды, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар жинақтау мақсатында аймақтың жұртшылығымен кездесулер өткізіліп жатқанын атап өтті. Іс-шараның аясында Қоғамдық кеңестердің мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының жаңа пішіндерін қалыптастырудағы маңызды рөлі айқындалды.
Кеңес мүшелерінің айтуынша, оларға аймақ тұрғындарының атынан түскен өтініштері көбінесе денсаулық сақтауға, білім беруге, коммуналдық шаруашылыққа, жер мәселелеріне, еңбек дауларына және экологияға қатысты болып келеді.
Отырыс барысында Шахтинск қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Дүйсекеевтің құлаған үйден жапа шеккендерге қолдау көрсету туралы ақпараты тыңдалды. Осы трагедиядан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары бір күндік жалақыларын аударған болатын.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы
***
Парламент Мәжілісінің депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде мәжілісмендер Мәулен Әшімбаев, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаев және Мұрат Теміржанов еңбекшілермен бірқатар мәселелерді талқылады және заң шығару қызметі туралы әңгімеледі.
Бүгінгі таңда кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа иенің бірі болып табылады. Бұл – 50 жыл бойы мұнай өндіруші компаниялар үшін, техниканы және мұнай-химия мен мұнай өңдеу кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаратын еліміздегі жалғыз зауыт. Зауыт Қытай, Ресей, Жапония, Германия, Норвегия, Англия, АҚШ, Канада, Италия, Беларусь ірі компанияларымен ынтымақтасады. Осында 1000-ға жуық адам еңбек етуде, орташа жалақы 95 мың теңгені құрайды.
Өндіріс саласының жұмысшыларымен кездесу кезінде мәжілісмендер өнеркәсіптік өндірістің елеулі өсуін және Солтүстік Қазақстанда бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда табыстылығын атап өтті.
Қызметкерлермен әңгіме барысында депутаттар кәсіпорын қызметіне жоғары баға берді және зауыт қызметкерлерінің отандық мұнай саласының дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.
Депутаттар облыс активінің жиналысына қатысты, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады және аграрлық компаниялар: «Даму» қорының және Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
***
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотниковтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары барысында «Жайылымдар туралы» заң жобасын қарау кезіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Өскеменде жергілікті билік өкілдерімен, шаруашылық субъектілерінің басшыларымен, ауылдық округтер әкімдерімен кездесу болды. Депутат талқыланып отырған тақырыптың маңыздылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жайылымдарды тиімді пайдаланудың маңызы зор екенін атап өтті. Заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа келгені және оның бірінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда қаралғаны туралы айтылды.
Сенатор ауыл еңбеккерлерінің бірқатар сауалдарына жауап беріп, түсіндірмелері мен ұсыныстарын тыңдады. С. Плотниковтың айтуынша, мұндай пікірлесу адамдарға ақылдасудың, олардың мүдделерін ескерудің тамаша мүмкіндігін туғызады.
Депутат Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында да кездесу өткізді. Оның басшысы Александр Томашенко ұжымның өткен жылғы қызметіне тоқталып, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026