16 Қаңтар, 2017

Кеңес кезекті мәрте бас қосты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыс барысында банк жүйесі және экономиканың ма­ң­ызды секторларының бәсе­ке­ге қабілеттілігін қалпына кел­ті­ру­дің өзекті мәселелері талқы­лан­ды. Сарапшылар алдын ала ағым­дағы жағдайға талдау жасап, аталған бағыттар бо­йынша бірқатар ұсыныстар берген. Премьер-Министр тиісті мем­лекеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеп, келесі отырыста соған байланысты өз ұсыныстарын беру туралы тапсырма берді. Еске сала кетейік, Экономика жөніндегі сараптама кеңесі Премьер-Министрдің өкімімен құрылған және оның алғашқы отырысы 2016 жылғы 9 жел­тоқ­санда өткізілді.