Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Б.Базарбаевтың айтуынша, Ақтау қаласының 4 және 15 шағын аудандар тұсындағы теңіз жағалауынан салынатын екі нысанның құны 260 млн теңгені құрайды.
Маңғыстау облысы мен облыс орталығы – Ақтау қаласының басты шаралары өтеді деп жоспарланған жобаға сай, нысанның жертөле қабатында әртістер үшін гримерлік бөлме мен костюмдер бөлмесі орналасады, сондай-ақ, сахна алдындағы алаңда көрермендер үшін орындар қаралған.
– Қазіргі таңда 15 шағын аудандағы сахна құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, екінші жобаның құжаттарын дайындау жұмыстары басталуда. Қаражат бөлінісімен, құрылыс жұмыстары басталады, – дейді басқарма басшысы.
Қазір әрбір шараны өткізу үшін сахнаны тасымалдау, оны құру және жинау, тағы да басқа қажетті жұмыстарға жарты миллионға жуық ақша жұмсалады екен. Стационарлық сахна шығынды ақтайды және тиісінше қысқартады деп отыр мамандар. Құрылыс аяқталған соң сахна жобаның тапсырыс берушісі болып табылатын Ақтау қалалық әкімдігінің құзырына берілетін болады.
Ақтауда өтетін ірі шараларда теңіз жағасындағы алаңдарда ығы-жығы халықпен бірге, әртістердің киініп-шешінуіне және гримерленуіне автобустар қызмет ететін. Халықтың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін автобустар шоғырын енді стационар сахналар алмастыратыны қуантады. Бұл – қаржылық үнемдеу жағын айтпағанда, халық үшін де, әртістер үшін де қуанышты жаңалық.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026