Қысқы Универсиадада шаңғы акробатикасынан ел намысын қорғайтын Қазақстанның фристайл құрамасының көшбасшысы Жанбота АЛДАБЕРГЕНОВА бізбен кездесуінде осы жарысқа дайындығы туралы әңгімелеп берді. − Дайындығымыз қызу жүріп жатыр, Шымкентте жаттықтық. Енді Алматы арқылы Америкаға ұшып кетеміз. Онда Әлем кубогының кезеңдеріне қатысамыз. Жарыстар аяқталған соң АҚШ-да бір аптадай жиындарда боламыз, кейін Универсиадаға қатысу үшін Қазақстанға ораламыз. − Жанбота, көңілің күпті болар? Қалай десек те, Қазақстанның фристайл командасының көшбасшысы деген жауапкершілік те бар. − Қатты толқып жүрмін, өйткені, өз елімде өнер көрсететіндіктен, жауапкершілік те көбірек. Оған қоса, Қазақстанда осындай ауқымды ойындарға, қалың жұртшылық алдында тұңғыш рет ойын көрсетпекпін. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында менде ондай тәжірибе болған жоқ, өйткені, шаңғы акробатикасына Азиададан кейін келдім. − Маусым басталғалы бері ауа райы қатты құбылып тұр? Дайындық қалай? − Маусым басталғанда бізде белгілі бір қиындықтар туындады, Финляндиядағы оқу-жаттығу жиындарында толыққанды дайындықтан өте алмадық. Суоми жерінде жүргенімізде, ауа райы бір жылып, бір суып, бұрқасын көтерілді, сол себептен кейбір жаттығулар өткізілген жоқ. Сондықтан әлі өзімді сенімді сезініп жүрген жоқпын, алайда, Америкадағы Әлем кубогы кезеңдерінде мұны міндетті түрде еңсеремін. − Универсиадаға шаңғы спортының қандай саңлақтары келе жатқанынан хабардар шығарсың? − Қатысушылардың есімдерін әлі білмеймін, дегенмен, басты қарсыластарымыз бұрынғысынша Қытай, Ресей және Беларусь атлеттері ғой. − Универсиада алдында жаңа элементтерді қосасыз ба? − Кейбір жаңа элементтерге жаттығып жүрмін, алайда, Универсиада кезінде оларды орындаймын ба, білмеймін. Құлап қалғаннан гөрі, күрделі емес секірістерді таза орындап шыққан дұрысырақ. Сондықтан тексерілген, әбден машықтанған секірістерге артықшылық беріледі, бірақ Америкадағы Әлем кубогынан кейін ғана оны нақты шешетін боламыз. − Фристайл – жүрекжұтқан өнерді талап ететін спорт түрі. Қазақстанда қысқы Универсиаданың өтуі шаңғы акробатикасына қызығатын жастардың көбеюіне әсер ете ала ма? − Бұл − өте қауіпті спорт түрі. 5-6 метр биіктікке секіріп, ауада айналу әркімнің қолынан келмейді. Батылдық, төзім керек. Универсиададан кейін біздің спорт түрі туралы адамдар көбірек біле бастайды деп үміттенемін. Өйткені, фристайлмен шұғылданамын дегенде, көпшілік «бұл, не, би ме?» деп сұрайды. Сосын түсіндіруге тура келеді. Мемлекетіміз де спорттың осы түріне көңіл бөле бастады. Фристайл бойынша секцияларға келетін балалар саны артса, қытайлықтар секілді жоғары бәсеке болса деймін. Шаңғы акробатикасы фристайл спорт жарыстары ішіндегі ең экстремалдысы саналады. Сондықтан жанкүйерлердің барлығын оны өз көзімен көруге шақырамын. Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Қоғам • 16 Қаңтар, 2017
Жанбота АЛДАБЕРГЕНОВА: «Өз елімізде жауапкершілік жоғары болуы тиіс»
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026