Семей қаласындағы наркологиялық диспансер директоры Павел Брыжахиннің айтуынша, наркологиялық қызметтің өз ерекшеліктері бар. Оны психиатриялық емдеу мекемесінің бөлімі етіп оңтайландыру – медицина саласындағы үлкен олқылық.
– Наркологиялық жұмысты санмен емес, сапамен өлшейді, – дейді директор Павел Брыжахин. – Бұл сырқатқа ұшырағандар бір жеті ауырып, ем алған соң жазылып кететіндер санатынан емес. Психиатриялық және наркологиялық қызметті қосу қаржы үнемдеу деп түсіндіреді де, керісінше, бізге отбасылық дәрігерлік амбулаториялардан он кабинет ашуды ұсынады. Оған да бәрібір қаражат кетеді ғой. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда ашылған кабинеттерге есірткі дертімен ауыратындар өз еркімен қабылдауға келеді дейсіз бе? Келмейді. Өйткені, олар қаланың орталығында орналасқан наркологиялық диспансерге көптің көзіне түспей, жасырын әрі ерікті түрде келуге үйренген. Бізді Алматымен салыстыруға болмайды, оларда наркологиялық қызмет мекемесіне жету қиын шығар, үлкен қала. Ал Семейде кез келген шеткі ауданнан автобуспен біздің мекемеге келуге болады. Мәселен, Павлодарда отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда қанатқақты жоба ретінде нашақорлық дертіне ұшырағандарды қабылдау үшін қабинет ашып қойды. Павлодар да Семеймен шамалас қала ғой. Күніне бір-екі ауру ғана келеді екен. Сонымен бітті. Жарты жыл болды дәрігерлері жұмыссыз отыр. «Балтық жағалауы елдерінде отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға есірткімен ауыратындар қаптап келеді ғой», дейді. Бірақ, ол, кешіріңіз, Балтық жағалауы, ал біз – Қазақстан. «Мен нашақормын» деп кім ашық айтып келеді, біз Батыс елдері емеспіз ғой, біздің менталитет басқа екендігін 40 жыл бойғы тәжірибемнен байқап, көріп келе жатырмын.
Айта кету керек, Семейдегі наркологиялық диспансер 36 жыл бойы есірткі мен алкогольге, темекіге тәуелділерді емдеп келеді. Былтыр еліміз бойынша «Сала үздігі-2016» байқауында бас бәйгені еншіледі.
Есірткі мен маскүнемдіктен арылуға ниеттенгендерге кейде төсек те жетпей қалады екен. Павел Брыжахиннің айтуынша, Семейдегі диспансерде нашақорлықтан емделушілер үшін 70 орын бар, өткен жылдың шілде айынан бастап қосымша тағы 10 төсек қойған. Ішімдіктен мәжбүрлеп емдеуге арналған 90 төсек бар.
– Бірақ, осы орынға көшеде қаңғып жүрген, мекен-тұрағы жоқтарды әкеп тықпалайды, онсыз да өзімізге орын жетпей жатса. Мәжбүрлеп емдеуге арналған төсектерден бөлек, өз еркімен ауыр дертінен арыламын деп келгендерге арналған 60 төсек және күндізгі бөлімге арналған 50 төсек бар. Бұл жерде жыл сайын 1500-2000 адам емделеді, орын да керек қосымша, материалдық-техникалық базамызды да нығайтуымыз керек, – дейді диспансер директоры.
«Наркодиспансер жабылады» дегенді естіп, есептегі тіркелімде тұрған аурулардың туыстары мен ата-аналары қатты абыржып қалыпты.
Қала тұрғыны Бекен Тұрапбаев темекіге тәуелділіктен арылу үшін осы диспансерге келген. Ол бір уколмен ғана темекіге деген әуестікті қойдыратын француздық тәсілді естіп, соған жүгінеді. Нәтижесінде, темекі тартуды мүлде қойған. Наркодиспансердің директоры Павел Брыжахиннің айтуынша, осы француздық тәсілді меңгеру үшін алыс-жақын шет елдерден, көрші Ресейден көптеген ғалым-дәрігерлер келген.
Семейдегі наркологиялық диспансер темекіге тәуелділіктен емдеуде озық тәжірибеге ие. Олардың емдеу әдістерін қазақстандық наркологтар толық меңгерді. Енді Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерімен қатар, Германиядан келіп тәжірибе үйреніп жатқандар бар.
– Қазір темекі, спиртті ішімдік пен есірткіге тәуелділік көрсеткіштері әлі күнге жоғары күйінде қалып отыр. Оның үстіне жаңа синтетикалық есірткілердің пайда болуына байланысты наркологиялық қызметтің жұмысын оңтайландырғаннан гөрі жетілдіру қажет, – дейді диспансер дәрігерлері.
Осы мекемеде Любовь Трубочеваға жолығып қалдық. Баласы ішкілікке салынып, емдету үшін наркодиспансер дәрігерлеріне жүгінген. Олардың жұмысына дән ризашылығын білдірген Трубочева оңтайландыруға байланысты да ойын айтып қалды.
– Наркологиялық диспансерді қысқартып, неге психиатриялық емдеу мекемесіне қарату керек? Керісінше, бұл диспансердің жұмысын кеңейту керек, – дейді Трубочева.
– Есірткіге тәуелділер де осы қоғамның мүшесі. Оларға қолдан келер көмегімізді жасауға тиістіміз. Ал, тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды біздің мекемеге әкеліп тықпалай бергенше, арнайы орын ашып, оларды еңбек етуге жұмылдыру керек. Бұл туралы айтып келе жатқаныма он жылдай болды, – дейді Павел Брыжахин болса. – Біздің наркодиспансерде емделуге 30-40 адам кезекте тұр. Олар – есірткі мен ішімдікке, темекіге тәуелді адамдар. Біздің міндетіміз – осындай науқастарды емдеу. Ал тұрақты мекенжайы жоқтардың мәселесімен біз емес, басқа мекеме айналысуы тиіс.
Психиатриялық және наркологиялық қызметтерді біріктіруге қатысты жұртшылық пікірі міне, осындай.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026