16 Қаңтар, 2017

Жаңа оқу жылы басталды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_0570Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жаңа оқу кезеңі басталды. Қазақстан халқының бірлігі мен мемлекет тұтастығын ны­ғайту жолындағы Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сының Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Қарулы Күштердің Жо­ғар­ғы Бас қолбасшысы Нұр­сұл­тан На­зар­баевтың атқарған рөлі жаңа оқу жылында әскери қызмет­ші­лермен өткізілген алғашқы мем­ле­кет­тік-құқықтық дайындық саба­ғының басты тақырыбына айналды. Қолбасшылық басқарма­сы­ның офицерлерімен, сондай-ақ, қолбасшылыққа бағынышты әскери бөлімдердің әскери қыз­метшілерімен және сарбаздармен алғашқы тәрбие сабағын Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Сағатбек Нұрахметов жүргізді. Сабақ барысында ол Елбасының бастамасымен елімізде іске асып жатқан ауқымды жобалар­мен қатар, мемлекетіміздің жет­кен жетістіктерін, оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғының маңыздылығына ерекше тоқтала келіп: «2016 жылғы 16 желтоқсанда біз ұлы құндылығымыз – Тәуелсіз­дігі­міздің 25 жылдығын атап өттік. Бұл – біздің басты мемлекеттік мерекеміз, өйткені, Тәуелсіздік бүгінгі күндері Қазақстан хал­қының жеткен тарихи ұлы жетіс­тіктерінің бірі, сондықтан да ол Мәңгілік Еліміздің мәңгілік символы болып қала бермек», деді. Жаңа оқу жылында қоғам­дық тәртіп пен қауіпсіздікті қам­тамасыз ету бойынша ұландық­тардың алдында көптеген атқа­рылар жауапты міндеттер тұр.  Соның бірі – жақында басталатын ХХVІІІ қысқы Универсиада. Атап өткіміз келетіні, осы кө­лем­ді іс-шарада қоғамдық тыныш­тықты қамтамасыз ететін жас жау­ын­герлер өз қызметтерін атқа­руға салтанатты түрде кірісіп кетті. Айдос БАЙШАҒЫРОВ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің өкілі