16 Қаңтар, 2017

Төрт кезеңде анықталады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық бөлімшесінде «Б» корпусы­ның мемлекеттік әкімшілік қызмет­ші­лерін аттестаттау жөнінде әңгіме өткізілді. Бұл шараға байланысты кездесуде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент бастығы Айгүл Байханова партия бел­сенділерімен 2017 жылдың 1 жар­ты­ жылдығында өтетін іс-шара­ның барысы жөнінде әңгімелесті. Аттестаттаудың мақсаты «Б» кор­пусына кіретін қызметкерлердің кәсі­би дайындығының деңгейін және ат­қа­рып отырған лауазымдарына сәй­кес­тігін анықтау болып табылады. Онда мемлекеттік қызметшілердің кә­сі­­би деңгейі, олардың қажетті бі­лім дә­ре­жесі мен дағдыларын ие­ленуі төрт ке­зең­де анықталатыны белгілі болып отыр. Аттестаттау комиссиясының құра­мы­на «А» корпусының мемлекет­тік қызметшілері, әдеп жөніндегі уәкіл­дер, алдыңғы деңгейде сәтті өткен қызметшілер, әдеп кеңесінің мүше­лері, ғылыми-сараптамалық және қоғамдық бірлестіктердің өкіл­дері кіреді. Бұл шара «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған басым­дық­тарға байланысты жүзеге асырылмақ. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан»            АЛМАТЫ