«Астана» футбол командасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович елордада жарты жыл қалуы мүмкін екендігін айтты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Сербия ұлттық құрамасының ойыншысы 9 қаңтар күні Испанияның «Валенсия» командасымен 2021 жылдың жазына дейін алдын ала келісімшарт жасасқан. Ал «жарқанаттар» Максимовичтің трансфері үшін 300 мың еуро төлеуге әзір болған. Алайда, қазақстандық командамен ортақ келісімге келе алмаған сыңайлы. Бұл өз кезегінде сербтің жаңа командасына тек осы жылдың жазында ғана қосылатындығын білдіреді.
«Егер қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, «Астанада» әлі жарты жыл қалатын сияқтымын. Алдағы күндері Дубайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қосыламын», – деді Неманья.
Алғашында ол Дубайға баратындардың қатарына қосылмаған. Оқу-жаттығу жиыны кеше, яғни 15 қаңтарда басталды. Мұнда елордалықтар екі жолдастық кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Максимовичтің «Астанамен» келісімшарты осы жылдың маусым айында аяқталады.
• 16 Қаңтар, 2017
Максимович: «Астанада» әлі жарты жыл қалуым мүмкін

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше