16 Қаңтар, 2017

"Егемен Қазақстан" газетінде өзгерістер болды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed Бүгін "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" акционерлік қоғамында кеңейтілген жиналыс өтіп, газеттегі ұзақ жылдар бойғы еңбектен кейін зейнет демалысына шыққан бірнеше қызметкерге құрмет көрсетілді. Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі газеттің бұрынғы бас редакторы Жанболат Аупбаевқа, ардагер журналист Сүлеймен Мәметке, басылымның жарнама бөлімін басқарып келген Марат Аққұлға, Ақмола облысындағы меншікті тілші қызмет атқарған Бақберген Амалбекке, интернет-редакция қызметкері Рысбала Əбдіқадырға, корректор Базаркүл Ахметоваға шапан, камзол жауып, құрмет грамотасын табыс етті. Дархан Қыдырәлі аталған кісілердің ұзақ жəне адал еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да газеттің түрлі жобаларын іске асыруға үлес қосады деп үміттенетінін айтты. Жанболат Аупбаев пен Марат Аққұл, Рысбала Əбдіқадыр сөз сөйлеп, газет басшылығы жасаған құрмет пен сый-сыяпатқа үлкен алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар Басқарма төрағасы "Егемен Қазақстан" басылымындағы құрылымдық және кадрлық өзгерістерді жария етті. Бұл шешімге сәйкес, Әлеумет және білім бөлімінде Думан Анаш, Спорт бөлімінде Кайрат Абдолла, Мәдениет және руxаният бөлімінде Оралхан Дәуіт бөлім басшылары болып қызмет атқарады. Тағы бір маңызды өзгеріс, Оңтүстік Қазақстандағы газет өкілдігі енді тілшілер қосыны болып құрылатын болды. жанболат ага сулеймен ага марат аккул unnamed (1) unnamed (2) unnamed (3) думан ага ораолхан ага