16 Қаңтар, 2017

Салық төлемейтіндерге жазаны қатаңдату қажет - Сабильянов

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Салық төлемейтіндерге жазаны қатаңдату қажет. Бұл туралы Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру" тақырыбындағы Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов айтты. «Ешкімге жасырын емес, қазір мемлекеттің қаржысын талан-таражға түсіру үшін көптеген кәсіпорын жалған кәсіпкерлікке жүгінеді немесе салықтан жалтару үшін кәсіпкерлік субъектілері осы жалған кәсіпкерлік арқылы қолма-қол ақшаларын шығарып алады. Осыған байланысты сұрағым, 2015-2016 жылдары қанша қаражат жалған кәсіпкерлік арқылы айналымда болды? Осыған сіздердің тараптарыңыздан қандай шаралар қолданылады? Жалпы, Қылмыстық Кодекстің 2015-ші бабын ары қарай да қатаңдату қажет шығар. Салық төлемейтіндерге жазаны қатаңдату қажет», - деді ол Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қарата. Өз кезегінде Сұлтанов Қылмыстық кодекстің тиісті бабын өзгерту туралы біраз мәселе көтеріліп жатқанын атап өтті. «Біз оны қазір қызу талқылау үстіндеміз. Бас прокуратурамен бірге арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде. Жазаны қатаңдатумен келісеміз», - деген министр.