16 Қаңтар, 2017

Елбасы Abu Dhabi Global Науket қаржы аймағында болды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін БАӘ-ге ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Abu Dhabi Global Market (ADGM) халықаралық қаржы аймағында болды, деп хабарлайды ҚазАқпара. Әбу-Дабидің жаһандық нарығы саналатын аталмыш еркін қаржы аймағы 2004 жылы БАӘ федералдық заңы аясында әл-Мариах аралында құрылған болатын. ADGM құрылымы үш тәуелсіз органнан - қаржы қызметтерін реттеу басқармасы, тіркеу бюросы және ADGM соттары. ADGM аумағында жалпы ағылшын құқығы мен ағылшын тілі қолданылады. ADGM барлық қаржылық қызметтерді көрсетеді және Азия мен Еуропа нарықтары арасындағы көпірге айналды. ADGM шикізат жеткізушілерінің, тауарөндірушілердің, сонымен қатар ішкі және аймақтық қызмет көрсету компанияларының барлық талаптарына жауап беретін жаңа қаржылық өнімдерді ұсынған өңірдегі ең ірі қаржылық аймақ.