«АЛЖИР» мұражайының қоры 1937 - 1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ҚазКСР Денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедовтың және оның жұбайы «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінде жазасын өтеген Кира Берсеневаның түпнұсқа материалдарымен толықтырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Зерттеу жұмыстары барысында Хасен Нұрмұхамедовтың мүшелік және әскери билеттері, түрмедегі қырынан және қарсы алдынан түсірілген фотосуреті және жұбайы Кира Берсеневаның төлқұжаты мен мүшелік билеті мұражай қорына тапсырылды.
Естеріңізге сала кетсек, саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Президентінің бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда Ақмол ауылында бұрынғы «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің орнында ашылды. Бүгінде «АЛЖИР» мұражайының қоры он бес мыңға жуық жәдігерді құрайды.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше