Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасы таныстырылды. Аталған жүйе қылмыстық істерді онлайн режімде тергеуге жол ашады.
«Ендігі кезек қылмыстық іс жүргізуді толықтай ақпараттандыруда тұр. Осы мақсатта бүгін сот пен прокуратураның «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасын таныстырып отырмыз. Бұл жүйені өндірудің басты мақсаты қылмыстық процеске «ақылды» технологияларды енгізудің кезекті қадамына арналған», - деп тоқталды ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми.
Осы орайда ол жаңа электронды қызметтердің арқасында азаматтар сот сатылары бойынша артық жүгірістен құтқарылғанын атап өтті. «Өткен жылы «Сот кабинеті» арқылы соттарға 756 мыңнан астам электронды құжат келіп түсті. Біздің басты талабымыз - тұрғындар үшін жеңіл әрі ыңғайлы тетіктерді құру», - деді ол.
«Заңдылық» жобасының мақсаты - сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесін интеграциялау есебінен қылмыстық үдерістің сапасы арттыру. Сонымен қатар бұл бағытта қылмыстық істерді тергеу мен сотта қарау барысындағы үдеріске қатысушылардың заң бұзушылық бойынша шағымдарын азайтуға негізделген.
«Заңдылық»жобасы прокурорлардың, соттардың кемшіліктерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қателіктерді жоюға ықпал етеді. Жүйе аясында еш пайдасы жоқ қағаз айналымынан құтылуға жағдай жасалмақ. Сонымен қатар жүйені енгізгеннен кейін қаржылық және өзге де күрделі істерден басқалары 2-3 күн тергелетін болады. Ал қазір қылмыстық істі тергеудің орташа мерзімі 2-3 айды құрайды.
Бірқатар ұйымдастырушылық рәсімдер аяқталған соң, жоба 2017 жылдың шілдесінде қолданысқа енгізілмек.
• 16 Қаңтар, 2017
Қылмыстық істерді онлайн режімде тергеуге жол ашылады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше