16 Қаңтар, 2017

«Астана» футбол командасы оқу-жаттығу жиынына кірісті

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
astana 4 «Астана» Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Жиынның бірінші бөлігі негізгі құрамдағы ойыншылардың физикалық деңгейін қалпына келтіруге арналады. Ал соңына таман екі матч өткізеді. Мәліметтерге сәйкес, оның біріншісі Латвияның «Рига» командасына қарсы өтсе, екіншісі – Корея чемпионы, Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Чонбук Хенде». astana 2 Бұдан бөлек, командаға жақында ғана қосылған Роман Мұртазаев пен Аздрен Лулаку жаттығуға кірісті. Негізгі құраммен бірге, жастар арасынан қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен, жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев және шабуылшы Владислав Прокопенко аттанды. astana 1